"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы бойынша Ақмола облысы білім басқармасының "Атбасар қаласы № 2 арнайы мектеп- интернатында" ұлттық бұрыш стенді орнатылды.
Оқушыларды рухани ізгі қасиеттерге баулып, тәрбиенің көздері ана тілі мен әдебиетін, тарихы мен өнерін қастерлеуге халықтың салт –дәстүрлерін аялай білуге ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу болып табылады.
Жас ұрпаққа атадан балаға мирас болып қалған: салт-дәстүр, ұлттық тағамдар, ұлттық киімдер, әшекей бұйымдар, ұлттық ойындар, ұлттық аспаптар бейнеленген.
Оқушыларды тәуелсіз еліміздің парасатты адамгершілігі биік білімді азаматтарын тәрбиелеуде адами қасиеттерді қамтып білімді ұлттық қасиетті түсінетін тұлға етіп тәрбиелеу. Ұлттық тәрбие деп жеке тұлғаның ұлттық сана сезімі мен мінез-құлқының ана тілін, ата тарихын, төл мәдениетін және ұлттық салт-дәстүрлерді меңгеруі негізінде жасалған. Ұлттық құндылық біздің ата-бабаларымыздан қалған асыл мұра.
Тәрбиеші: Смагулова И.И.