2021 жылдың 11 ақпан күні мектебімізде мұғалімдермен Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру мәселесі бойынша түсіндірме жұмысы жүргізілді. Аталмыш шараға мектебіміздің барша мұғалімдері қатысып, ой-пікірлерін ортаға салды. Мұғалімдер латын графикасы негізіндегі қазақ тілінің жетілдірілген әліпби нұсқасымен таныстырылды. Сондай-ақ, қазақ тілінің пернетақтадағы әріптердің орналасу тәртібі бойынша сөз қозғалды. Шара барысында латын әліпбиіне көшудің ең басты маңыздылығы қызу талқыланды.
Қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіру қазақ халқының алға жылжуына, жаңа заман талабына сай өсіп - өркендеуіне әкеледі. Латын әліпбиіне көшу - қазақ тілінің халықаралық дәрежеге жетуіне жол ашады.
Дайындаған: қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі С. Қ. Орумбаева.