Ақмола облысы білім басқармасының "Атбасар қаласы, №2 арнайы мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Специальная школа - интернат №2  г.Атбасар"управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Теңге – мемлекеттің негізгі валютасы" .

10.11.2025

       Бүгін мектебіміздің жоғары сыныптарында "Теңге – мемлекеттің негізгі валютасы" тақырыбында танымдық сынып сағаты өтті. Іс-шара 15 қарашада атап өтілетін Ұлттық валюта күніне орайластырылды. Оның мақсаты – оқушылардың экономикалық санасын, патриоттық сезімін қалыптастыру және ел егемендігінің маңызды белгілерінің біріне құрметпен қарауға тәрбиелеу болды.
Сынып сағаты тарихи шолудан басталды. Оқушылар ұлттық валютаны еңгізу туралы шешім Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 12 қарашадағы Жарлығымен қабылданғанын, ал 15 қарашада теңгенің алғаш рет айналымға еңгенін білді.
Талқылаудың негізгі тақырыбы теңгені жай ғана төлем құралы ретінде емес, Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұранмен қатар тұратын мемлекеттік рәміз ретінде қабылдау болды. Жоғары сынып оқушылары банкноттар мен коллекциялық монеталардағы бейнелерді қарастырып, олардың рәміздері мен қорғау элементтерін талдады.
Сынып сағатының қорытынды бөлімінде теңгенің әрбір азаматтың өміріндегі және ел экономикасындағы практикалық рөліне баса назар аударылды. Қаржылық сауаттылық, ақшаға ұқыпты қарау және әркімнің адал еңбек арқылы мемлекеттің өркендеуіне жеке үлес қосу мәселелері қозғалды.
Бұл іс-шара тек танымдық қана емес, сонымен бірге патриоттық мәні бар шара болды, теңгенің жай ғана ақша емес, егеменді Қазақстанның сенімді іргетасы екендігі туралы түсінікті нығайтты.

Просмотров: 226


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст