24.10.2025
2025 жылдың 23 қазанында «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбында мектепішілік сурет және аппликация көрмесі өтті 🇰🇿
Көрмеге барлық сынып оқушылары қатысты. Жұмыстар туған жерге, Қазақстанның табиғи сұлулығына, оның рәміздері мен көрікті жерлеріне арналды. Балалар даланы, тауларды, өзендерді, қалаларды, ұлттық ою-өрнектерді сүйіспеншілікпен бейнеледі.
Көрменің мақсаты оқушылардың бойында отансүйгіштік сезімін ояту, туған жерге деген сүйіспеншілікті, өз халқының мәдениеті мен салт-дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу болды.
Үздік жұмыстар мақтау қағаздарымен және алғыс хаттармен марапатталды. Барлық қатысушылар креативтілік, еңбексүйгіштік және өзіндік ерекшелігін көрсетті.
Іс-шара жылы, достық атмосферада өтті және барлығына қуанышты көңіл-күй сыйлады және өз Отаны – Қазақстанды мақтан тұтты!
Твердохлебова С.Ю.